Онлайн өтінім

Жеке есептеу

аспаптарына

пломба салу және

алуға өтінім

Өтінім беру

Мобильді қосымша

2018ж. 25 шілдесін қоса алғанда тұтынушыларға орташа тәуліктік шығыстарын бөлу бойынша түсіндірме

2018ж. шілдесінде Ақтау қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлеріне (әрі-қарай КПТҮ) жіберілген электр энергиясының тұтынылуы күрт жоғарылаған, яғни 2018ж. маусым айымен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.

Аталған көлем электр энергиясын есептеуші аспатардың (ОҮЕА) 23-25 шілдеде алынған көрсеткіштері негізіндегі мәліметтерімен расталды.

ОҮЕА бойынша 2018ж. маусымында = 11 927 840 кВт.с.

ОҮЕА бойынша 2018ж. шілдесінде = 28 125 200 кВт.с.

Ақтау қаласының КПТҮ тұтынушылары пәтерлеріндегі электр энергиясы жеке есептеу аспаптарының (ЖЕА) көрсеткіштерін әр түрлі күндері тапсырған, яғни ағымдағы айдың 23-25 жұлдызына нақты тұтынылған барлық көлемін есепке бермеген.

01-10 шілдеде – 6873 тұтынушы немесе 13%;

           10-20 шілдеде – 26 849 тұтынушы немесе 47%;

            20-25 шілдеде – 22 471 тұтынушы немесе 40% .

ОҮЕА-ры белгілеген тұтыну көлемі мен КПТҮ абоненттерінің пәтерлерінде тұтынылған көлемін синхрондау үшін, жеке аспаптың белгілеген нақты шығыстарын және аспап көрсеткіштерін тапсыру күнін есекере отырып, ағымдағы айдың 25 жұлдызын қоса алғанда пәтерлерде тұтынылған көлемдерді анықтау арқылы есептеу орындалды.

2018ж. тамыз айында тұтынылған орташа тәуліктік есептеулері орындалған мекен-жайлар бойынша Ақтау қаласының барлық тұтынушыларының есептеу аспаптарының ағымдағы көрсеткіштерін беру кезінде аспаптарымен белгіленген нақты көлемдерінің есебімен салыстыру жұмыстары жүргізіледі. 2018ж. шілдесіндегі орташа көлем аспаптармен белгіленген көлемнен кемітіледі.

Осы анықталған орташа тәуліктік көлем тамыз айындағы аспаптың көрсеткіштерімен расталмаса, сәйкесінше, есептелген сома кеміту жағына қарай түзетіледі.

2018ж. шілде айы үшін шот-түбіртегінің жоғарғы жағында тұтынушыларға «Электр энергиясы» қызметі бойынша айдың 25 жұлдызын қоса алғанда жүргізілген есептеулер туралы ақпараттық хабарлама орналастырылған.

Сонымен қатар, шілде айының шот-түбіртегінде «Электр энергиясы» қызметі бойынша қосымша тармағы енгізілді.

Негізгі тармақта - аспаптардың (ағымдағы/алдыңғы) көрсеткіштері және нақты көлем (көрсеткіштер арасындағы айырмашылық) көрсетілген;

Қосымша тармақта «орташа» деген белгілемемен 25.07.2018ж. қоса алғанда аспаптың орташа тәуліктік шығысы бойынша есеп айырысу жолымен алынған көлемі көрсетілген.

Сондай-ақ, атап кететін жайт, ЖЕА-ын көп пәтерлі үйлердегі баспалдақ алаңында орналасқан этаждағы щиттерге көшіру пәтер-ішілік және ортақ үйлік есептеу аспаптарының көрсеткіштерін синхрондау мәселесін шешеді.

Тұтынушы ағымдағы айда бірнеше күн ғана емес, түгел айда тұтынған электр энергиясын есептеуге беруі міндетті екенін ескертеміз.

Шотты ағымдағы айдың кез-келген ыңғайлы күнінде 25 жұлдызына дейін төлеуге болады.

КПТҮ-не берілген электр энергиясының көлемінің теңгерімін дұрыс келтіру үшін тұтынушыларға ЖЕА-ның көрсеткіштерін айдың 23-25 аралығындағы күндері тапсыруларын ұйымдастыруға кеңес беріледі.

ЖЕА көрсеткіштері мәліметтерін ЕКО кассаларынан басқа, мобильді қосымша арқылы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ЕКО-ның www.rkc.maek.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ төлем териминалдары арқылы бере аласыздар.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің баспа-қызметі