Онлайн өтінім

Жеке есептеу

аспаптарына

пломба салу және

алуға өтінім

Өтінім беру

Мобильді қосымша

БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫЙЛЫҚТАР

Білім күні қарсаңында 150-ден астам бірінші сыныптық оқушы балалар құрал-саймандар жинағын алды. Олардың ата-аналары «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіби одағының мүшелері. Мұндай дәстүр 15 жыл бойы сақаталып келеді. Сыйлықтар кәсіпорынның әрбір бөлімшесінде табысталды.

Алғашқы қоңырау, сабақтар, алғашқы бестіктер әлі алда. Ал, баланы мектепке дайындау, қажеттінің бәрін алу шығынды әрі ата-ананың аз уақытын алып қоймайды. Дәстүрлі науқан ата-аналардың міндетін жеңілдетуге бағытталған.

Биыл комбинат кәсіби одағының мүшелері өз балаларын бірінші сыныпқа жібереді. Және де бұл қуантарлық жайт. Біз оларға қажетті тізімге кіретін кеңсе тауарларның жиынтығын дайындадық. Осы дәстүрлі науқан балаларымыздың мектепке барар жолын жеңілдетеді деген үміттеміз, - дейді «МАЭК-Қазатомпром» кәсіби одағының төрайымы Татьяна Пунтусова.

Фломастерлер мен ермек саздар, түсті қағаз бен альбомдар жинаулы. Ал, алғашқы бестік пен өз балаларының мектептегі қуанышты хабарлары ата-аналарымыздың үлесінде.

Саида Себепбаева,

баспа сөз қызметі